Танысына тыйым салынған затты кіргізбекші болған азамат құрықталды

189

Таразда тергеу изоляторы қызметкерлері танысына тыйым салынған затты кіргізбекші болған азаматты ұстады. Анықталғандай, 1989 жылы туылған жергілікті сәлем-сауқат арқылы дәретхана қағазына оралған 2 пакетті өзінің танысына бермек болған. Бұл сәтті ЖД-158/1 мекемесі жедел бөлімінің қызметкерлері қалт жіберген жоқ.
Тәркілеу барысында дәретхана қағазына оралған 2 пакеттің бірінен ерекше иісі бар тұнық жасыл түсті өсімдік тәрізді зат және ақ түсті белгісіз 20 таблетка табылса, екіншісінен ашық жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік тәрізді (шөп) табылды. Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы және Тараз қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері шақыртылып, сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Әсел Ильясова,
ЖД-158/1 мекемесі жедел бөлімінің аға жедел уәкілі әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.