Танымал көкпаршы өз таңдауын жасады

122

Еліміздің әрбір азаматы бұл саяси шараға қатысып, өз дауысын беруді мәртебелі іс деп қабылдауы керек. Өйткені ол сайлауға қатысып, өз дауысын беру арқылы кемел келешегі мен жарқын болашағын айқындап алады. Момыновтар әулетінің мықтысы, белгілі көкпаршы Нұрдәулет Момынов пікірі осыған саяды. Ол өз ауылы Айша бибіде орналасқан №159 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады.
– Бұл сайлаудың маңызы айрықша. Аймағымыздың әр өңірінен «Сен тұр, мен атайын!» дейтін мықтылар додаға түсті. Барлығының мақсаты айқын. Өз таңдауымды жасадым. Сайлауға қатысып, таңдауын жасап, дауыс беру әрбір азаматтың парызы деп білемін. Мен еліміздің жарқын болашағы үшін, ұрпақтарымыздың келешегі үшін дауыс бердім. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, өсіп-өркендету қандай маңызды болса, осы ұлы міндеттерді іске асыратын азаматтарды таңдап дауыс беру де үлкен міндет. Әлбетте олар ұлттық өнерге көңіл бөлуді ұмытпаса деймін. Атадан балаға мирас боп келе жатқан қасиетті өнерімізде ұлттың үні бар. Ал оның жаңғыруы – біздің болмысымыздың айғағы. Еліміз дами берсін, ел-жұртымыздың ауызбіршілігі мығым болсын, – дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.