
https://turkystan.kz/article/262948-tanymal-akterdin-usinsi-uly-duniege-keldi
Белгілі актер Еркебұлан Мырзабек әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол үшінші рет әке атанды, деп жазады turkystan.kz.
«Қош келдің мына өмірге балам. @erkesha_ рахмет жаным. Енді менде үш ҰЛ. Іс-сапарда, басқа елде жүріп осындай қуанышты хабар алып, мәз болып жатырмын. Фотода, ұлыммен алғашқы видеозвонок. Білмеймін не жазарымды… мәзбін, бақыттымын, қуанышым ішіме сыймай бара жатыр. Маған үшінші рет ұл сыйлаған келіншегімді құттықтаңдаршы», — деп жазған ол.
Актердің өнердегі әріптестері мен желі жұлдыздары жаппай құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.