Танымал әнші Тамара Асар пандемия кезінде тұрмысқа шыққанын айтып, жеке өміріне қатысты ақпаратын бөлісті.
Ол Маңғыстау өңірінен Қостанай қаласына келін болып түскен.
«Кеше Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан кейін, жолдасым «біз де той жасайық» деген ұсыныс айтты. «Тойларға аман-есен жете берейік! Қамбар мен Әлішерді үйлендірейік» дедім.
Біздің тойымыз карантин кезінде алты адаммен өтіп еді. Құдалыққа бес адам келді. Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым. Әкемнің шаңырағында некеміз қиылды. Мәһрге машина сұрадым. Ол кезде ұялғанымнан ештеңе көрсете алмадым.
Жолдасым өзі білмесе де, білетіндермен ақылдасып, барлық жоралғыны түгендеп әкелді. Енемнің туған сіңлісі бәрін реттеген. Пандемия кезіндегі тойымызды оқырмандарым да алғаш көріп отыр. Шабытым келсе, той үстіндегі қызықтарды айтып беремін», – деп жазды әнші.