Талдықорғанда шенеуніктер 1200-ден астам пәтерді заңсыз таратқан

82

Талдықорғанда 1218 жеңілдетілген пәтер заңсыз таратылған деп хабарлайды turkystan.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорғанда шенеуніктер 1200-ден астам пәтерді заңсыз таратып жіберген. Қазірдің өзінде сот арқылы 59 пәтер кері қайтарылды. Бұл баспана кезекте тұрған адамдарға беріледі. Тағы 500-ге жуық пәтердің иелері мүлікті заңдастырып үлгерген.

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу бөлімі бастығының айтуынша, мемлекеттік қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Іс толық тергелмейінше, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бірнеше жауапты қызметкері үйқамаққа алынды.

https://turkystan.kz/article/218405-taldykorganda-sheneunikter-1200-den-astam-peterdi-zansyz-taratkan/

Leave A Reply

Your email address will not be published.