Талдықорғанда 3 жасар баланы өлтіріп алған бала күтушісіне сот үкімі шықты

132

Талдықорғанда үш жасар баланы өлтірген бала күтушіге қатысты үкім шықты деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетсек, оқиға былтыр күзде Жетісу облысында болған еді. Үш жасар бала бір жасар інісімен бала күтушінің қарауында болған. Балалардың анасының сөзінше, 12 қыркүйекте бала күтуші хабарласып, баланың жағдайы нашарлап кеткенін айтқан.

Бала ауруханаға жеткізіліп, жан тапсырған. Дәрігерлер баланың денесінде сау жері болмағанын, бас жарақатын анықтаған.

Тергеу барысында бала бірнеше рет соққыға жығылғаны анықталған.

Облыс сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды, себебі істің мән-жайы жария етілмейді.

«Соттылықтың болмауы, шын жүректен өкіну, жәбірленушіні кешіру және кінәні ауырлататын мән-жайлардың болмауы секілді кінәні жеңілдететін жағдайларды ескере отырып сот сотталушыға орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген сот үкімінде.

https://turkystan.kz/article/220023-taldykorganda-3-zhasar-balany-oltirip-algan-bala-kutushisine-sot-ukimi-shykty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.