Талас ауданының әкімі ауылдық елді мекендерді аралау барысында Қызыләуіт ауылдық округіндегі «РАХАТ» шаруақожалығының егістік алқабында болып, көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты.
Бүгінгі күні шаруа қожалық өзіне тиесілі 12 гектар жерді жыртып арпа егу жұмыстарын бастауда.
Сонымен қатар, мемлекеттен қайтарымсыз грант алып өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіп иелерімен жүздесті.
Жергілікті кәсіпкерлер ауыл тұрғындарын ғана емес облыс орталығымен көршілес аудандарғада өз өнімдерін ұсынуда. Алпысбаев Серік биогумус өндірісін жолға қойып тыңайтқыш өндірсе, Усипбеков Жарас жылыжай шаруашылығында қиыр мен қызанақ өсіруде.
Кәсіп иелері қосымша кеңейту жұмыстарын қолға алуда.
Сондай-ақ, Билікөл көлінің Ақкөл көліне шығыс арығы және Сұлтан каналының бастау бөлігі араланды.
Талас аудан әкімдігі