ТАЛАСТА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

151
Бүгін Қаратау қаласындағы “Ұлбике ақын” атындағы мәдениет орталығында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті. Іс-шара барысында ел тыныштығын күзетіп жүрген әскери қызметшілер мен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, олардың Отан алдындағы еңбегі ерекше аталып өтті.
Салтанатты жиында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жабағы Асхат Базарбайұлы Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қызметтері үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, бірқатар азаматтар марапатталып, алғыс хаттар мен медальдар табысталды.
Мерекелік концертте жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындап, би ұжымдары көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында Отанға деген сүйіспеншілік пен елге қызмет ету тақырыбы кеңінен насихатталып, жиналған қауым ерекше әсермен тарқасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.