ТАЛАС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

247
Талас ауданы әкімінің өкімімен Бекбосын Ринат Ертайұлы Талас ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бекбосын Ринат Ертайұлы 1987 жылы 17 шілдеде Жамбыл облысы, Талас ауданы, С.Шәкіров ауылында дүниеге келген.
Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Құқықтану», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласының “MAG Construction” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2 дәрежелі монтажшысы болып бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласының “MAG Construction” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 3 және 4 дәрежелі монтажшысы, Талас ауданы Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман — қаржы агенті, Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы, Талас ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы мониторинг және құжаттама бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Талас ауданы С.Шәкіров ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
Аудан әкімі Нұрбол Әбдімажитұлы өзінің жаңа орынбасарын таныстырып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, өңірді өркендету бойынша нақты міндеттер жүктеп, жұмысына сәттілік тіледі.
_________________________________

Leave A Reply

Your email address will not be published.