Талапты жастар өсіп келеді

55
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатын үлкен ықыласпен оқып шықтым.
Президент өз сөзінде нағыз отаншыл,
адал азаматқа тән қасиеттер мен құндылықтарға тоқталыпты.
Біз еңбек ардагерлері ел дамуы жолында жастарға ерекше үміт артамыз. Талапты жастар өсіп келеді.
Президент айтқан еңбекқорлық, білімпаздық, кәсібилік, бірлік, ынтымақ, жанашырлық, іскерлік, бастамашылдық, адалдық, қарапайымдылық және үнемшілдік сияқты тән қасиеттер мен құндылықтар жастарымыздың бойынан табылады деп сенеміз.
Біз аға буын өкілдері алдағы уақытта халқымыздың қуатын арттырып, табысқа жетелейтін осындай қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеп, жастардың, ұрпақ санасына сіңіруге жұмыс жасауымыз қажет.
Светлана Қожаназарова
Еңбек ардагері, » Әулиеата» этно-мәдени
орталығының жетекшісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.