Сарысу ауданы әкімінің 2024 жылғы 24 маусымдағы №52-ж/қ өкімімен Ермағанбетов Ерлан Дайрабайұлы Сарысу ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды
Ермағанбетов Ерлан Дайрабайұлы 1982 жылы 1 маусымда дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
2005 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті», 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Әскери шені: Кіші сержант.
Еңбек жолын 2006 жылы «Acord-консалтинг» ЖШС-нің техник- инвертаризаторы болып бастаған.
2008 жылы Жамбыл гуманитарлық- техникалық университетінің жұмыскері, 2008 — 2011 жылдары Тараз қаласындағы М.Мәметова атындағы №27 орта мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, 2012 — 2014 жылдары үш тілді оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, 2014 жылдың наурыз-шілде айларында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастика және терминология, көрнекі ақпараттармен жұмыс бөлімінің бас маманы, 2014 — 2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы, 2019 — 2021 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің бас маманы, облыс әкімінің бас инспекторы, 2021 — 2022 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының салалық даму бөлімінің бас инспекторы, 2022 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.
https://www.facebook.com/100068552142069/posts/pfbid