Түзеу мекемелерінің психологтары тәжірибе алмасты

157

Психологтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту  – оның кәсіби тәжірибе арқылы үздіксіз өз білімін жетілдіріп, дамытып отыру әр маманның басты міндеті. Осы мақсатпен Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың басшылығымен «Өз-өзіне қол жұмсауға бейім сотталғандарды анықтау» тақырыбында тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шара өтті. Департаментке бағынысты №25 мекеменің базасында ұйымдастырылған шараның еш кедергісіз өтуіне мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев бар жағдай жасады.

Аталған шарада Жамбыл облысы бойынша түзеу мекемелерінің және тергеу изоляторының психолог мамандары өздерінің дайындап келген әдістемелерін өткізді. Сондай-ақ сотталған азаматтарға тренинг, арттерапия, дәріс, бейнеслайдтар жүргізіп, өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің алдын-алу шараларын ұйымдастырды.

Жиын соңында бұл салаға жаңадан қосылған пенитенциярлық психолог мамандарға сотталғандарға өткізілген әдіс-тәсілдердің басқа да түрлері таныстырылды. Сонымен қатар оларды қолдану жолдары үйретіліп, бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Осындай жақсы үрдіс алдағы уақыттада Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінің психолог мамандарының арасында жоспарға сай жыл бойына жалғасын табады деген ойдамыз.

Гүлжан Ибраимова,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД
№ 25 мекемесінің аға инспектор психологы,
әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.