Оқиғаға қатысты сот ісі одан әрі әкімшілік тәртіппен жүргізіледі.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров отандасымыздың ұсталғанын растады.
Біздің азамат Италияда тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазғаны үшін ұсталды. Құқық қорғау органдары барлық қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін ол босап шықты. Осы оқиғаға қатысты сот ісі одан әрі әкімшілік тәртіппен жүргізіледі, — деді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, бұған дейін Помпеиде вандализм жасаған қазақстандық туристің ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
https://turkystan.kz/article/245002-syrtky-ister-ministrligi-italiiada-ustalgan-kazakstandyk-bosatyldy