Сұранысқа ие цифрлық кадастрлық қызметтер белгілі болды

151

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі арқылы 2,5 млн-нан астам қызмет көрсетілді. Ең жиі алынатын анықтама — жылжымайтын мүліктің болуы және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, ЖМБМК АЖ 2023 жылдың 1 шілдесінде енгізілген болатын. Бұл жүйеге жер және құқықтық кадастрлардың деректері біріктірілді.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйенің көмегімен жылжымайтын мүлік саласында 8 мемлекеттік қызмет және жер кадастры желісі бойынша 4 қызмет көрсетіледі. Мұнда, мәселен, құқық белгілейтін құжаттар мен техникалық паспорттардың телнұсқаларын алуға, жер учаскесінің кадастрлық паспортына тапсырыс беруге және алуға, учаскені бағалауға болады.

ЖМБМК маңызды ерекшелігі құжаттарды оңтайландыру болды. Нәтижесінде, жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт және жер учаскесіне акт бір құжатқа — кадастрлық паспортқа біріктірілді.

Айта кетейік, бүгінде «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» арқылы 466 660 кадастрлық паспорт берілді.

Жерге байланысты қызметтер бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекке тұру қызметі сұранысқа ие. Мәселен, 2022 жылдың 1 наурызынан бастап 3,9 млн қазақстандық жеке түрғын үй құрылысы мақсатында 10 соттық жерге кезекке тұрды.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

Leave A Reply

Your email address will not be published.