Тұрмыс түзеліп, жоқшылық — жайымен, ашаршылық — атымен жойылса да, дамып кеткен мемлекеттер мен дамушы елдердің өзін әуре-сарсаңға салып қойған бір құбылыс бар. Ол — суицид. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасына сүйенсек, Қазақстан суицид бойынша әлемде алғашқы ондыққа кіреді. Өзіне-өзі қол салу бүгінгі күнгі қоғамдық денсаулық саласының негізгі проблемаларының бірі. Әдетте бала түгілі, ересек адамның өзі өмірге келгендегі өзінің миссиясын түсіне бермейді. Бұрын ағартушылық қызметті кітап атқаратын, жыр іздегенді содан тапты еліктеді, арқа сүйеді, сенді ал қазір, кітап оқылмайды. Ағарту ісімен айналысатын мектептердің өзі, айтарлықтай ұстаздар мың құбылатын білім жүйесінен бас алмай отыр. Балаға қарайтын ата-ана, тұрмыс тауқыметінен ақшаның соңында жүр. Өзінің ұясынан мейірімге қанбай, қоғамдағы ортасынан теперіш көрген балалар өмірден баз кешіп жатыр. Көбісінің суицидке не үшін баратыны белгісі, өйткені олар жан-жағынан көмек іздемеген, артынан хатта қалдырмаған.
Депрессияға ұшыраған адам өзін ешкімге керегі жоқ екенің сезінеді, сонымен қатар оларды жалғыздық сезім пайда болады. Осылардың салдарынан өзінің өмірімен қош айтысуға тура келеді. Тығырықтан шығудың жолын осылай шешеді. Суицидтің алдын алудың маңызды элементі жасөспірім депрессиясының алдын алу болып табылады, бұл жерде де ата-ана маңызды рөл атқаруы тиіс. Жасөспірімде төмен көңіл-күй және депсессивтік күйдің басқа да белгілері байқалған кезде, бірден оған осы күйден шығуға көмектесу үшін шаралар қабылдау қажет.
Шығыста «Бір күндігіңді ойласаң, күріш ек, он жылдығыңды ойласаң ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң, ұрпағыңа жақсы тәлім-тәрбие бер», деген қағида бар. Егер әрбір балаға жастайынан жақсы тәрбие беріп стереотипке бой алдырмай, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек,мұндай қайғылы жағдайларға тап болмасымыз кәміл. Бұл ретте баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түз бағыт-бағдар беруіміз керек.
Нұрдәулет СЕРІКҰЛЫ