Студенттердің шәкіртақысы 2 есеге көбейеді

100

Студенттердің стипендиясы екі есеге көбейетін болды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты деп хабарлады turksytan.kz Taulik.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, 2021-2022 оқу жылына контингенттің жалпы саны 623 839 адамды құрады.

«Барлығы – 120 ЖОО. 2021 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы – 68,9%-ды құрайды. Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 36 мың адам. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ студенттердің стипендиясы да артып келеді. Бакалавриат студенттеріне 36 мың теңге, докторанттарға 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады», – деді Саясат Нұрбек. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.