Осыған дейін Qumash Telegram-каналында алматылық ЖОО-ның пәк студент қыздарының тізімі тараған.
«Мәселе бақылауға алынды, өйткені мұнда тікелей бұзушылық бар. Кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жазаланады деп күтілуде. Жеке деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл жерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы сөз болуы мүмкін», – деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Ол мұндай ақпарат жеке мәліметтерге деген салғырттық екенін айтты.
«Бұл мәселені заңнамалық тұрғыдан қатаң реттеу қажет екенін мойындау керек. Жалпы, бұл мәдени мәселе. ЖОО-да осындай фактілер бар екені өкінішті. Жеке деректер өте құпия ақпарат болып табылатыны туралы қатаң заңнамалық қатаң императив болмайынша, мәдениет өзгермейді», – деп түйіндеді министр.