Скринингтен өтті

508

Еліміздің Ата заңында жазылғандай, мемлекеттің ең басты байлығы — азаматтары. Сол себепті, елімізде тұрғындар денсаулығын сақтауға баса назар аударылған.

Бұл ретте,  қазақстандықтардың саулығын қамтамасыз етуде созылмалы және адам өміріне үлкен қауіп төндіретін сырқаттарды ерте анықтау қайғылы жағдайларды болдырмаудың тікелей жолы. Сол себепті елімізде жасы 40-тан асқан азаматтарды скринингтен өткізу қолға алынған.

Осындай шаралардың бірі Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде өтті. Оның аясында мекемедегі жазасын өтеушілер онкологиялық және созылмалы ауруларға тексерілді.

«Жамбыл облыстық консультативті орталығынан» келген хирург, невропотолог, кардиолог, терапевт, инфекционист, уролог және оторолоринголог мамандар сотталғандарды толық тексеруден өткізді.

Медициналық тексеру нәтижесі бойынша жоғарыда аталған сырқаттары бар азаматтар анықталған жоқ.

Г. Медетбекова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесі медицина бөлімінің бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.