Спорттың бірнеше түрінен сынға түсті

166

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында арқан тартудан, шахмат, гір тасын көтеру, шағын футбол және қол күресінен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бұл күні сотталған азаматтар өзара бақ сынасып, кім мықтыны анықтады. Тартысты өткен ойын нәтижесінде белсенділік танытқан жазалы азаматтарға мекеме әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар табысталып, үздік шыққан жасақтар марапатталды.

— Сайысты ұйымдастырудағы мақсат – арнайы контингент арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, бұқаралық спорттың дамуына ықпал ету. Осы орайда, мұндай шаралар жазасын өтеушілердің өзара байланысын арттыруға серпін береді деп білеміз, — дейді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.