Спорттық ұйымдар үшін спортшылардың жас санаты өзгерді

27

Ерекше жандарға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін жас шектеулері алынып тасталды.

Спорт резервін даярлайтын және жоғары білікті спортшыларды тәрбиелейтін спорт ұйымдарында спортшылардың жас санын реттейтін бұйрық өзгерді.

Грек-рим күресі: жастар жасы 18-23-тен 18-20 жасқа, ересектер жасы 23-тен 21 жасқа дейін төмендеді;

Дзюдо: жасөспірім шақ жасы 12-18-ден 13-17 жасқа, жастар жасы 18-21-ден 18-20 жасқа, ересектер жасы 21-23-тен 21-22 жасқа дейін төмендеді;

Шорт-трек: балалар жасы 7-10-нан 5-7 жасқа дейін, жасөспірімдер жасы 11-15-тен 8-15 жасқа дейін қысқарды.

Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, ерекше жандарға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін жас шектеулері алынып тасталды.

фото: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/254973-sporttyk-uiymdar-ushin-sportshylardyn-zhas-sanaty-ozgerdi

Leave A Reply

Your email address will not be published.