«Спорт жетістік» атты спорт шеберлерімен кездесу

139

Тараз қаласы аумағында орналасқан «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі қабырғасында салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Спорт жетістік» атты «Әулие-Ата» өнер көкпарының командасы мүшелерімен кездесу өткізілді. Кездесуге «Әулие-Ата» өнер көкпарының командасы мүшелері Сағымбаев Файзулла Нағашбайұлы, Сержанов Мағжан Бақытжанұлы, Бақтияров Мақсат Нұржанұлы шақырылды. Кездесу барысында кездесу қонақтары ұлттық спорт түрлері оның ішінде көкпар спорты туралы тоқталып өтті. Көкпар спортының тарихы және ойнау үрдісін түсіндірген кездесу қонақтары аталған спорт түрінен жеткен жетістіктерімен де бөлісті. Кездесу соңында жастар қонақтармен естелік суретке түсіп шығарып салды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.