Спорт кешені-саламаттылық кепілі

636

Қордай ауылының «Батыс» тұрғын алқабы маңынан ашылған спорт кешенінің пайдалануға берілуі де қордайлықтар үшін үлкен жаңалық болып отыр. Өйткені, ауданда бұрын-соңды мұндай спорт нысаны болмаған. Сол себепті 320 көрерменге арналған кешеннің ашылуына келген жүртшылықтың қуанышында шек болмады. Мұнда күрес, футбол, волейбол, баскетбол сынды спорт түрлерімен айналысумен қатар тренажер залында да дене шынықтыруға мол мүмкіндік қарастырылған. Нысанның ашылу салтанатында құрылыс жұмыстарын жүргізген «ПСК Алибек» ЖШС-нің директоры Бауыржан Елеусізов ғимараттың символикалық кілтін Қордай ауылдық округінің әкімі Бақыт Сахатовқа табыс етіп, осында шынығар спортшыларға сәттілік тіледі. Мұнан соң алқызыл лента қиылып, қазақы дәстүрмен шашу шашылды. Мұнан соң ғимаратты аралап көрген қонақтар ересектер арасында өткен футболдан жолдастық кездесуді де тамашалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.