Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесі мен Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, сотталған азаматтардың психологиялық көмек алу құқығын іске асыру, сондай-ақ ҚАЖ мекемелеріндегі психология қызметін жетілдіру мақсатында 2025 жылғы 25 шілдеде арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара тақырыбы: «Суицид: түрлері, себептері және алдын алу».
Шараны №59 мекеме психологтары ұйымдастырып, оған Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Жадыра Аленова қатысып, тақырыптық дәріс өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — суицид ұғымының мәнін, оның белгілері мен себептерін түсіндіру, сондай-ақ сотталғандардың бойында өмірлік қиындықтарға қарсы тұра алатын ішкі ресурстарды дамытуға ықпал ету. Сонымен қатар, қатысушыларға эмоционалдық тұрақтылық пен өмірге деген оң көзқарас қалыптастыру жолдары ұсынылды.
Шара соңында «Ресурсты іздеу» атты тренинг жаттығуы жүргізіліп, қатысушылармен кері байланыс орнатылып, психологиялық талдау жасалды. Мамандар тарапынан қатысушыларға пайдалы ұсынымдар берілді.