Сотталған азамат алғаш рет туу туралы куәлігін алды

573

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде 2019 жылдан бері жазасын өтеп келе жатқан азамат мекеме қызметкерлерінің араласуымен алғаш рет туу туралы куәлігін алды.

Сотталған Нұржанбек Жұманалиев – Қырғыз Республикасының азаматы. Оның бұған дейін жеке басын куәләндыратын құжаты болмаған және оны алуға барынша күш жұмсағанымен нәтиже бермей келген. Мекеме қызметкерлерінің тікелей араласуымен алғаш құжатын алған ол қуанышын жасыра алмай, ақжарма алғысын ақ қағазға түсіріп, жеткізді.

Өзінің алғыс хатында жазасын өтеуші Жұманалиев мекеме басшылығына және мекемеде жазасын өтеп келе жатқан уақыт ішінде көрсеткен қамқорлықтары мен құжаттандыру туралы өтінішін жерге тастамай, назарға алғандары үшін разылығын жеткізген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.