Сорос қоры Қазақстанда жұмысын тоқтатты

144

CAPS Unlock әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, цифрлық демократия, білім беру, климаттың өзгеруі, геосаясат, аймақтың тарихи жолының салдары туралы зерттеулер жүргізіп, талқылаулар ұйымдастырмақ.

«Аймақтық талдау орталығын құру біздің қорлар желісін жаһандық түрлендірудің бір бөлігі болып табылады. CAPS Unlock қоғамның осал топтарының құқықтары мен мүдделерін ескеретін болады. Орталық халықаралық институттармен, соның ішінде БҰҰ мен ЭЫДҰ ынтымақтастыққа дайын», — деді қор.

Орталықтың Қамқоршылық кеңесінің құрамына тәжікстандық әлеуметтанушы Гүлнора Бекназарова, Қырғызстаннан саясаттанушы Медет Тюлегенов, Өзбекстаннан экономист Юли Юсупов және КИМЭП университетінің білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Жұлдыз Смағұлова кіреді.

«Біз аймақты толғандыратын мәселелер бойынша тәуелсіз зерттеулерге көмектесеміз, елдеріміздің ғалымдары мен практиктерін әлемнің басқа бөліктеріндегі әріптестерімен біріктіретін боламыз», — деді CAPS Unlock атқарушы директоры Аида Айдарқұлова.

https://stan.kz/soros-kori-kazakstanda-zhymisin-toktatti-380162/

Leave A Reply

Your email address will not be published.