Ұлыбританияда орналасқан Адам құқықтарын қадағалау жөніндегі Сирия орталығы (SOHR) Дамаск әуежайынан ұшып шыққан жеке ұшақтың бортында Асад болған болуы мүмкін екенін хабарлады. Мониторинг тобының мәліметінше, ұшақ ұшып кеткеннен кейін әуежайдағы үкіметтік әскерлер эвакуацияланған.
Ұшақ елдің батыс бөлігіне бағыт алған, ол әлі Асадқа адал алавиттердің бақылауында. Алайда ұшу кезінде ұшақ күтпеген жерден бағытын өзгертіп, радарлардан жоғалып кеткен.
«Ол радарлардан жоғалып кетті. Мүмкін, транспондер өшірілген болар. Бірақ, менің ойымша, ұшақ атып түсірілді деген болжам әлдеқайда сенімдірек», – делінген басылым жазбасында.
Ұшақ радарлардан 500 метр биіктікте жоғалып кеткені анықталды. Сирия билігі әзірге көтерілісшілердің Дамаскке басып кіруіне қатысты пікір білдірген жоқ. BBC бұл ақпаратты растау мүмкін емес екенін мәлімдеді.
Сириялық көтерілісшілер 2016 жылдан бері алғаш рет Алеппоның жартысын бақылауға алды
Еске салайық, бұған дейін «Хайят Тахрир аш-Шам» содырлар тобы Сирия президенті Башар Асадтың елден кеткенін және Дамаск астанасын басып алғанын мәлімдеді. Дамасктегі көтерілісшілер мемлекеттік телеарна эфирінде жеңіске жеткендерін жариялады. Сириялық содырлар мемлекеттік телеарна мен Дамаск радиосы арқылы эфирге шығып, президент Башар Асад режимін құлатқандарын және саяси тұтқындарды босатқанын хабарлады.
Фото: Flightradar24 / «Агентство»
https://stan.kz/siriya-prezidenti-bashar-asad-yshak-apatinan-kaza-tapti-410827/