Боксшы Бейбіт Шүменовтің бапкері Владимир Ткаченко қазақстандық боксшының түрік Хизни Алтункаяны жеңуіне қатысты сұхбат берді.
— Бейбіт өз міндетін тамаша атқарды. Бірінші раундта бауырынан соққы берді, төреші оны нокдаун деп есептеді. Осыдан кейін ол жекпе-жек бойы қарсыласын қыспаққа алып, оның әрекет етуіне мүмкіндік бермеді. Шүменов өте жақсы дайындалды, сондықтан ол жігіттің жеңетін мүмкіндігі болған жоқ. Төрешінің айқасты тоқтатқанын өздеріңіз көрдіңіздер.
— Шүменов бастапқы раундтарда қарсыласына жақсы соққылар берді, бірақ түрік боксшысын соңына дейін соққыламауы біртүрлі көрінді.
— Бұл бокс, Бейбіт бәрін дұрыс жасады. Ол жақсы жұмыс істеді, үнемі корпустан шабуылдады, кейін түрік боксшысы тоқтап қалды.
— Бокстың алдында қандай нәтиже күттіңіздер? Нокаутты қай раундта болады деп ойладыңыздар?
— Бейбіт жекпе-жектің екінші жартысында жеңеді деп ойладым. Себебі, түрік — жақсы жігіт.
— Бұл айқас Бейбіт Шүменовтің сол деңгейге оралуға дайын екендігін көрсетті. Үлкен жекпе-жектерге қашан шығасыздар?
— Иә, келесі жекпе-жекте оның қарсыластары мықты болады деп ойлаймын. Алдағы уақытта Усик — Гассиев айқасының жеңімпазымен кездесіп қалуымыз мүмкін. Біз оған дайындалып, тек алға ұмтыламыз.