«Шынтақпен соғылғаны көрініп тұр ғой»: Прокурор 10 жастағы қызын ұрған астаналық әйелдің видеосына қатысты пікір білдірді

138

Қадыржан Маматаев бұл іспен Алматы аудандық полиция бөлімі айналысып жатқанын мәлімдеді. Әрі әйелінің әрекетін «ұру емес» деп бағалаған.

«Өздеріңіз де көрдіңіздер ғой, ол шынтағымен соғылған. Кеше видео әкімдіктегі комиссия қарады, комиссияда 12 адам бар, әрқайсысы 3-4 рет көріп шықты. Ол шынтағымен соғылған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері болды, видеоға түсірді, көгерген немесе өзге де жарақаттар жоқ. Қызым жарысқа қатысуы керек еді, бірақ шеттетіп тастады. Ол – көркем гимнастикадан абсолютті чемпион, барлығы қызымнан сондай нәтиже күтті. Ал сіздер біз оны күнде ұратындай етіп көрсеттіңіздер. Иә, бұл спорт, талап қатал. Оның үстіне көркем гимнастика, өзіңіз жақсы түсінесіз», – деді ол журналистке берген сұхбатында.

Маматаевтың сөзінше, жаттықтырушы әйеліне қоңырау шалып, жаттығуға кедергі келтіргендіктен, алып кетуін сұраған.

«Жұма күнге дайындалып жатқан, қалада жарыс өтіп жатты. Ал әйелім алып кетуге барды. Жұбайым ашуланған жоқ. Оның үстіне жаттықтырушы ертеңінде демалсын деген. Қызым енді спортпен шұғылданғысы келмейді. Жетістіктері көп еді…» – деп қосты ол.

Алайда Бас прокуратурының қызметкері «Әйеліңіздің бұл ісін құптайсыз ба?» деген сұраққа жауап беруден жалтарды.

Еске салайық, Астанада анасының өз қызын жұлқылап, басын көлікке ұрғаны түскен видео желіде тараған еді. Оқиға бойынша ішкі істер министрлігі пікір білдір

Leave A Reply

Your email address will not be published.