Шымкенттегі балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім қыздар іздестірілуде

93

Шымкентте балалар үйінен екі тәрбиеленуші қашып кетті. Бұл жағдайды қалалық білім басқармасы растап отыр деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Басқарманың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, екі қыз 16 ақпан күні кешкі сағат 21:45 шамасында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығынан шығып кеткен.

«Мекеме қызметкерлері дер кезінде байқап Шымкент қаласының полиция департаментіне және 102 жедел хабарламаларды қабылдау орталығына хабарлаған. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының полиция департаменті мен Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық полиция басқармаларына кәмелетке толмаған қыздарға қатысты «Іздеу» жұмыстарын жүргізу туралы білім басқармасы тарапынан да хаттар жолданды», – делінген Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Шымкент қалалық полиция департаменті қазір екі жасөспірімді іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Тәртіп сақшылары барлық бейнекамераларды бақылап, олар жүруі мүмкін орындарды тексеруде.

Айта кетейік, жоғалып кеткен қыздың бірі 13 жаста, бірі 15-те екен. Олар Барқыт көшесінде орналасқан №3 балалар үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Әзірге олардың мұндай қадамға неліктен барғаны белгісіз.

«16.02.2023 жылы Тұран ауданының полиция басқармасына №3 балалар үйінен 2007 және 2009 ж.т. тәрбиеленушілер белгісіз бағытта шығып кеткені туралы хабарлама түсті. Жасөспірімдердің жоғалу жайты Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қыздардың жүрген жерін анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде», – деді Шымкент қалалық полиция департаментінің ресми өкілі, баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева.

https://turkystan.kz/article/213904-shymkenttegi-balalar-uyinen-kashyp-ketken-zhasospirim-kyzdar-izdestirilude/

Leave A Reply

Your email address will not be published.