Шымкентте жанармай құю бекеті тоналды

89

Оқиға Төлеметов көшесі мен Бәйдібек би даңғылы қиылысында болған, — деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылым мәліметінше, 3 желтоқсанда сағат 04:30 шамасында бетперде таққан адам пышақ, кастетпен қорқытып, жанармай құю бекеті кассирінен түскен қаражатты тартып алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталған. Ер адам таксиде жасырынуға тырысқан.

Жанармай құю бекетін тонады деген күдікке ілінген адам Шымкент ПД Қаратал ауданының Полиция басқармасына жеткізілген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.