Шымкентте дәрігерлер қайтыс болған адамның бауырын тірі науқасқа салды

172

Шымкентте дәрігерлер күрделі операция жасап, 44 жастағы тұрғынның бауырын ауыстырды. Мәйіттік донордан жасалған бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты. Дәрігерлер операцияны шамамен 6 сағатта аяқтады. Бұл туралы «Хабар24» арнасы хабарлады.   

Марқұмның туыстары оның бауырын донор ретінде пайдалануға келісім берген.

Бұған дейін дәрігерлер тек қана тірі донордың ағзасын науқасқа ауыстырған. Осы жолы марқұмның ішкі ағзасын операцияға пайдаланды.

Операцияны 44 жастағы ер адамға жасады. Оған өзінің туыс-туғандарынан донор табылмаған.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, науқастың халі жақсы.

Марқұм донордың басқа органдары арнайы рейспен Астанаға жөнелтілді. Мұқтаж науқастардың ішкі ағзасы ауыстырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.