Шымкентте бір топ полиция қызметінен кетті

164

Шымкент қаласы ПД полкінің командирі және оның қарамағындағы бірқатар қызметкер лауазымынан босатылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері патрульдік полиция полкі инспекторының 70 мың теңге көлемінде ақша алу дерегін анықтаған болатын. Осыған байланысты Полиция департаментінің жеке құрамы бойынша инспекция қызметтік тергеу жүргізді.

8 қыркүйекте тергеу нәтижелері тәртіптік комиссияның қарауына ұсынылды. Комиссия патрульдік полиция полкінің командирін, оның екі орынбасарын, рота командирін, оның орынбасарын және взвод командирін сыбайлас жемқорлық қылмысына жол бергені үшін атқаратын лауазымдарынан босату туралы шешім шығарды. Бүгін Шымкент қаласы ПД-нің бастығы Д.Таев оларды қызметтен босату туралы бұйрыққа қол қойды.

«Күдікті полк инспекторы полиция беделін түсіргені үшін жұмыстан шығарылды. Ұсталған полицейге қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы «пара алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол қамауда. Полиция департаментінің басшылығы бұдан былай заңбұзушылыққа жол берген қызметкерлерге қатысты қатаң шаралар қабылдауға ниетті», – деді Шымкент Полиция департаментінен.https://turkystan.kz/article/232981-shymkentte-bir-top-politsiya-kyzmetinen-ketti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.