Шымкентте адам өлтірді деген күдікті ұсталды

77

Шымкентте адам өлтірді деген күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аса ауыр қылмыс Алматының аумағында түнгі уақытта болған. Алматылық тәртіп сақшыларының нұсқауына сәйкес, күдікті қылмыс орнынан Hyundai Elantra-ны тізгіндеп ізін суытқан.

«Автокөлікті «Қорғау» бағдарламасын пайдалана отырып, бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Шымкент полиция департаментінің ЖБО қызметкерлері анықтады. Көлік құралын ұстауға дереу патрульдік нарядтар бағытталды», — делінген хабарламада.

Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысты, алайда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/101327/?fbclid=IwAR1BtPayoNTUsJYhrZUlaKlyydMM6uU0ZcBAg49BFZU9FYCDCZly5XyMmP8

Leave A Reply

Your email address will not be published.