Шымкент пен Таразда жер сілкінді

118

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 21 наурызда, түнгі сағат 22:47-де жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді, – деп хабарлады turkystan.kz.

Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында тіркелген.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 16.1. MPV магнитудасы – 7,8. Эпицентр координаттары – 37,00° солтүстікке қарай – 71,12° E. Тереңдігі – 120 км», – деп жазды «СОМЭ» ЖШС.

МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық, Алматы, Түркістан, Қызылорда аймақтарында 2 балдық деңгейде сезілді.

https://turkystan.kz/article/217754-shymkent-pen-tarazda-zher-silkindi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.