Шығармашылық кеш

289

РШ.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешеніндегі көркемсурет галереясында Әулиеата өңірінде дүниеге келген  жазушылардың шығармаларын өнеге ету, өмір жолдарын келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жүзеге асырылып отырған «Жазушымен бір күн» жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғысымен марапатталған талантты жазушы, қаламы қарымды журналист Көсемәлі Сәттібайұлының 65 жас мерейтойына орай «Көсемәлінің көркем әлемі» шығамашылық кеші өтті.

Бір басында тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, сонысымен де елінің біртуар азаматы болып, есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүрген мерейтой иесін құттықтауға  өңірдің қадірменді қариялары мен ел ағалары, зиялы қауым өкілдері мен арқалы ақындар және Республика мен облысқа танымал өнер саңылақтары жиналды.

Кеште өмірі қара сөзбен өріліп, шығармалары тәрбиеге төгіліп тұратын, бүгінде ел ағасына айналған, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің марқасқаларының дуалы аузына, уәлі сөзіне ілінген Көсемәлі Сәттібайұлының өмірлік және шығармашылық жолдардыры, қаламгердің қазақ әдебиеті мен  журналистикасына сіңірген еңбегі жайында сыр шертілді.

Кешті К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармонияның әртістері, Мәдениет саласының үздіктері Мадина Сағынбекова, Құрмаш Қуанышбаев, Жақсылық  Тілеубеков, Нұргүл Абдрашова әсем әндерімен көмкерді.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.