ШҚО-да ер адам тубдиспансердің маңында қарасора өсірген

52

Фото: Proza.ru

Шығыс Қазақстанда ер адам туберкулезбен ауырып, Ақжар ауылындағы емдеу мекемесіне мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Туберкулезге қарсы диспансерге келе жатып, жол жиегінде қарасораны көреді.

Ер адам тұқымдары бар сабақтарды теріп, қалтасына салып, көктемде туберкулезге қарсы диспансердің серуендеу алаңына тұқым себеді. Қарасора көктеп шыққан кезде фтизиопульнологиялық диспансердегі қарасораны суарып, баптай бастады. Нәтижесінде үш қарасора бұталары өсті, оны ер адам теріп кептірген. Бірақ марихуананы шегіп үлгермеді, оны полиция ұстап алған.

Нәтижесінде ер адам Қылмыстық кодекстің екі бабы “Есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау” және “Өсіруге тыйым салынған қарасора сорттарын егу” бойынша кінәлі деп танылды.

Ол бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

https://stan.kz/shko-da-er-adam-tubdispanserdin-maninda-karasora-osirge-405079/

Leave A Reply

Your email address will not be published.