Шетелдегі қандастарымызды шеберлігімен таңғалдырған зергерлер

255

«Күмбір сырғаң ақ моншақ, Шолпыларың, шашбаулым», «Сыңғыр шолпы шашбауың, Жарасады таққаның». Бұл өлең жолдары  қазақта сәнді әшекей,  сыңғырлаған шолпы-шашпау тақпайтын қыз-келіншектер некен-саяқ болғанын білдіреді. Ал бұл әсемдіктің артында он саусағынан өнер тамған зергерлердің үлкен еңбегі жатыр. Жаһандану заманының иіріміне бойлап бара жатқан қазіргі уақытта ұлттық өнерді дамытып отырған жандар аз да болса, кездеседі. Соның бірі – Бейнеу ауданында тұратын Өміровтер әулеті. Жеті атасынан бері алтын мен күмістен түрлі зергерлік бұйымдар жасайтын шеберлер елімізбен қоса, шетелдегі қандастарымызға тапсырыспен әшекей бұйымдар жасап жүр.

Төлеген Өтепқалиұлы – Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. 2015 жылдан бері зергерлік бұйым жасаумен кәсіби түрде айналысады. Алғашқы тапсырысын жоғары курста оқып жүргенде алған екен.

«Әке көрген оқ жонар» демекші, бұл өнерді әкем үйретті. Ол – хас шебер, зергер және суретші. Жарық дүниеге келген сәттен бастап ең алғаш көргенім осы зергерлік шеберхана. Әкем інім екеумізді осы салада әмбебап маман ретінде дайындады. Қазір шеберханамызда әкем Өтепқали, інім Төремұрат үшеуіміз жұмыс істейміз», – дейді ол.

Шетелдегі қандастарымызды шеберлігімен таңғалдырған зергерлер

Әкелі-балалы зергерлер ерлерге және қыз-келіншектерге арналған бұйымдар жасайды: сақина, жүзік, хан жүзік, мөр жүзік, білезік, күміс қамшы, күміс белбеу, шақша, кездік. Шеберханада ер-тұрманмен бірге тұрмыстық заттар да бар. Әшекей бұйымды жасау бірнеше процестен тұрады. Оның аяқтайтын уақыт та жұмыстың күрделілігіне байланысты. Мәселен, күмістен әрі қарапайым технологиямен жасалатын сақинаны бітіруге 3 күн уақыт кетеді. Ал тұтынушының талабы бойынша күрделі өрнектен жасалатын бұйым бір айдан астам уақытта жасалады.

Шетелдегі қандастарымызды шеберлігімен таңғалдырған зергерлер

«Зерлеу, сіркелеу технологиясын, алтын жалату, гравюра тәсілін қолданамыз.  Ұлттық әшекей бұйымдарды жасауға түрлі бағалы тастар мен қымбат металдарды пайдаланамыз. Баға өнімнің сапасына, композициясына, сондай-ақ жасалған уақытына байланысты қойылады. Табысымыз тапсырысқа байланысты», – дейді зергер. 

Шетелдегі қандастарымызды шеберлігімен таңғалдырған зергерлер

Бүгінде ұлттық нақыштағы бұйымдарға сұраныс жақсы. Отандық шеберлердің қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды АҚШ, Мысыр, Германия, Сауд Арабиясы және Түркия қазақтары тапсырыспен алдырады.

Шетелдегі қандастарымызды шеберлігімен таңғалдырған зергерлер

«Зергерлік – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, сенімді адамдарға ғана үйрететін саф өнер. Өзіне тән әдіс-тәсілдері, құпиясы бар. Мұнда жетістікке жету үшін төзім мен шыдам керек, мұқияттылықты талап етеді», – дейді Төлеген Өтепқалиұлы.

Шетелдегі қандастарымызды шеберлігімен таңғалдырған зергерлер

Қазір зергерлікпен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау аз. Десе де шеберлер атадан қалған өнерден қол үзбек емес.

Шетелдегі қандастарымызды шеберлігімен таңғалдырған зергерлер

«Зергерлікке қажетті алтын, күміс, гауһар тастарды алуға қаражат керек. Әкеміз осы мектепті біз үшін қалыптастырғаннан кейін, аса қиналмадық. Құрал-сайманымыз, бар білгенін үйрететін шебер бар. Ал оқуды бітірген жас маманның ертең шеберхана ашып, оған шетелден сапалы құралдар алдыруға қаражаты болуы тиіс», – дейді ол.

Шетелдегі қандастарымызды шеберлігімен таңғалдырған зергерлер

Зергерлік өнер – қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі. Шеберлер ел-жұртының жағдайы жақсы болса деп тілейді. Өйткені ертеден келе жатқан асыл өнер күнкөрісі жақсарып, мәдениеті өскен, өркениет биігіне ұмтылған елде дами бермек.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.