Коллаж: Turkystan.kz
https://turkystan.kz/article/264590-serzat-polattyn-olimi-sottalgandardyn-biri-bostandyqqa-syqty
Шерзат Полаттың өлімі бойынша сотталғандардың бірі, кәмелеттік жасқа толмаған Думан Ысқақ бостандыққа шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы жәбірленушілердің адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.
«Думан Ысқақ бірінші сатыдағы сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойды. Сол себепті Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 23 шілдеде бұлтартпау шарасын жойып, оны қамаудан босатты», – деді адвокат.
Сондай-ақ адвокат Шерзат ісі бойынша апелляциялық сот отырысы 18 тамызда Алматы сотының ғимаратында қаралатынын айтты.
Айта кетейік, 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қаза тапқан болатын. Оқиға төңірегінде үлкен резонанс болып, бірнеше адам ұсталды. 2025 жылғы маусымда сот үкімі шығып:
Абзал Шынасыл 23 жылға,
Равиль Сакиев 20 жыл,
Шыңғыс Белғожаев 7 жыл,
Дархан Әскентай 7 жыл,
Нұрқияс Ілиясов 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда);
Нұрбол Тоқтаубаев 7 жыл,
Азамат Тоқтаубаев 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда),
Дидар Қалиахмет 7 жылға,
Кәмелеттік жасқа толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталды.
Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264590-serzat-polattyn-olimi-sottalgandardyn-biri-bostandyqqa-syqty