Шаруалардың жағдайымен танысты

72
Шаруалардың жағдайымен танысты
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов Жаңарық ауылдық округіндегі шаруашылықтарды аралап, шаруалардың жағдайымен танысты.
Шаруалардың жағдайымен танысқан аудан басшысы шаруашылықтарды дамыта отырып, ауыл шаруашылығының асыл тұқымды түлікке деген сұранысы жоғары екенін, сондықтан қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүйелі түрде қолға алу уақыт талабы екенін жеткізді.
Жауапты мамандарға шаруашылықтардың қыстық жем-шөбі, жолдың қардан таза болуын тапсырды.
Аудан бойынша қыстақтарда 171 шаруақожалық отырса, 12 шаруашылық Жаңарық ауылдық округінде.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.