Шаңды дауыл, өрт қаупі жоғары: синоптиктер ел тұрғындарына маңызды ескерту жасады

40
Шаңды дауыл, өрт қаупі жоғары: синоптиктер ел тұрғындарына маңызды ескерту жасады
istockphoto
https://turkystan.kz/article/259847-sandy-dauyl-ort-qaupi-zogary-sinoptikter-el-turgyndaryna-manyzdy-eskertu-zasady

Қазгидромет РМК мамандары ел аумағында 3 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

— Түнде оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады. ҚР шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болады, түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі, — делінген болжамда.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында 2-3 градусқа дейін үсік жүреді. Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 1-2 градусқа дейн үсік күтіледі.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының батысында, орталығында, Атырау, облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.