Семинар

68
Әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінде кәсіпкерлердің басын қосқан семинар практикум болып өтті. Семинар жұмысын аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков ашып, жүргізіп отырды. Дулат Бекбосынұлы аталған басқосудың маңыздылығына тоқталып, Алматы қаласынан арнайы келген қонақтарды таныстырды.
Кездесу барысында Мирас Ералиев, Бауыржан Жали, Исмайл Құлан, Айжан Абайқызы кәсіпкерлікті қалай бастауға болатыны, кәсіпкерлік саласының қыр-сыры туралы өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақ-жауап форматында кездесу қатысушыларымен өзара пікір алмасты.

 

Байзақ ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.