Семейде мектеп өртенді

65

Оқушылар мен қызметкерлер ғимараттан эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болған.

«Бүгін Семейдегі №40 мектепте электр бөлмесінде өрт шықты. Өрт сөндірушілердің шұғыл араласуы мен мектеп қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында өрт оқшауланды. Мектеп ұжымы барлық оқушыларды эвакуациялады: 371 адам мен 45 мектеп қызметкері. Өрт сөндіру қызметі өртті оқшаулап, оның таралуына жол бермеді», – деп хабарлады Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

 

 

https://turkystan.kz/article/235281-semeyde-mektep-rtendi

Leave A Reply

Your email address will not be published.