«САЯЛЫ ӨЛКЕМ — САРЫСУЫМ»

72
Түркістан ауылдық округінің орталығы Ә.Бүркітбаев ауылдық клуб үйінде «Саялы өлкем — Сарысуым»атты өнер фестивалі өтті. Фестивальға Сарысу ауданы әкімі орынбасары М.Қайратұлы және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округтегі зейнеткерлер мен шаруа қожалық төрағалары қатысты. Фестивалда ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Асыл әжелер» тобы және күрді этно саяси мәдениет орталығының өнерпаздары әр түрлі өнер көрсетті. Ауыл жастары, мектеп оқушылары мен өнерлі азаматтар өнерін көрсетіп өнер фестивалі жоғары деңгейде өткізілді.
Ауыл тұрғындарына түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жарыс жеңімпаздары марапатталды.
Өнер фестивалі ауданымыздың әр ауылдық округінде өткізіліп жатқандықтан мерекелік кешке келген қонақтар мен ауыл тұрғындары алғыстарын айтып тарасты.

Жанысбек Арыстанбеков Әшір Бүркітбаев ауылы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.