САРЫСУЛЫҚТАР СҮЙІНШІЛЕТІН КҮН АЛЫС ЕМЕС

136
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, САРЫСУ АУДАНЫ. 20.12.2023.
ЖУЫРДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ГҮЛДАРА АЛДАНЫШҚЫЗЫ НҰРЫМОВАМЕН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ БІР-БІРІМІЗДІ ҰЛЫ МЕРЕКЕ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАҒАН БОЛАТЫНБЫЗ. БИЫЛ НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ 19-шы ЖҰЛДЫЗЫНДА ӨТКЕН САЙЛАУ АЛДЫНДА МЕН ГҮЛДАРА АЛДАНЫШҚЫЗЫНЫҢ СЕНІМДІ УӘКІЛІ, ӘРІ САРЫСУ АУДАНЫ БОЙЫНША ШТАБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛҒАН ЕДІМ. КӘЗІРГІ ТАҢҒА ДЕЙІН САРЫСУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН БӨЛІСІП , ЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫН, МҰҢ-МҰҚТАЖЫН ЖЕТКІЗІП ОТЫРАМЫН. СОҢҒЫ СӨЙЛЕСКЕНІМІЗДЕ ГҮЛДАРА НҰРЫМОВА ҮЛКЕН ЖАҢАЛЫҚ АЙТҚАНЫ. САРЫСУ АУДАНЫН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА КЕЛЕСІ ЖЫЛДАН БАСТАП 7774343,0 мың теңге ҚАРАЖАТЫНЫҢ ҚАРАСТЫРЫЛҒАНЫН, СЕНАТОРЛАР ҚОЛДАП ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ ҚОЛ ҚОЙҒАНЫН ЖЕТКІЗДІ. САЙЛАУ КЕЗІНДЕ ГҮЛДАРА АЛДАНЫШҚЫЗЫНАН САРЫСУЛЫҚТАР ШЕШІМІН ТАППАЙ ЖҮРГЕН БІРІНШІ ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШІП БЕРУІН СҰРАНҒАН БОЛАТЫН. МІНЕ ОСЫ МӘСЕЛЕНІҢ ТҮЙІНІ ШЕШІЛГЕНДЕЙ. БҰНДАЙ ІРІ ҚАРАЖАТТЫ БӨЛГІЗУ ДЕПУТАТЫМЫЗҒА ОҢАЙҒА ТҮСПЕГІНІ БЕЛГІЛІ ӘРИНЕ. СОНДЫҚТАН ОСЫНДАЙ ҮЛКЕН ИГІЛІКТІ ІСКЕ МҰРЫНДЫҚ БОЛҒАН ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРАКӨЗ ҚЫЗЫ ГҮЛДАРА НҰРЫМОВАҒА АЛЛА БОЙЫНА ҚУАТ БЕРСІН, ОТБАСЫН ШАПАҒАТЫМЕН БӨЛЕСІН ДЕП ТІЛЕК БІЛДІРЕМІЗ !

Нуржан Есмаханов

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.