САРЫСУЛЫҚ САНДУҒАШ ӘЛЕМ МАҚТАНЫШЫ

457
Президентіміз Қасым-Жомар Тоқаев өзінің Жолдауына «Өскелең ұрпақтың спорттық әлеуетіне аса назар аудару қажет.
Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет» — деп, нақты бағытты атап көрсеткен.
Сондықтан елімізде, біздің ауданымызда да бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп, спорт ғимараттарының жүйесі кеңейе түсуде.
Мектептер мен спорт үйірмелерінде дене шынықтырумен шұғылданушылар саны көбейіп келеді.
Ауданда дене шынықтыру мен спорт деңгейі жақсаруда. Оның материалдық-техникалық базасы нығайтылып, бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Спортшылардың шеберлігі мен кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында аудан спортшылары республикалық, облыстық біріншіліктерге тұрақты қатысуда.
Әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар қатысқан жарыста Жаңатас қаласындағы №26 спорт мектебінің спортшысы Сандуғаш Сейдіш оң қол, сол қол күресі бойынша Литва да өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында үздік өнер көрсетіп, еліміздің әнұранын асқақтатты.
Ол – армрестлингтен (қол күресі) Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Соңғы екі жылда жеткен жетістіктері өте көп.
Атап айтар болсақ, Алматыда әйелдер арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, Швецияда әйелдер арасында өткен Әлем кубогының жеңімпазы.
Байрақты бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілу әрбір спортшының басты арманы екені сөзсіз.
Ендеше Сандуғаш қызымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.