Сарысуда жылу жүйесімен 5782 нысан қамтылады

279
Ауданда 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жөніндегі іс-шара жоспары бекітілген. Бүгінгі күнге дейін дайындық барысы жөнінде 2 рет аудандық штаб отырысы өтті.
Жалпы, ауданда жылу жүйесімен барлығы 5782 нысан қамтылған. Жаңатас қаласында 2202 нысан, оның ішінде, Жаңатас қаласындағы 527 нысан орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
376 жеке тұрғын үй табиғи газды пайдалануда (Досбол, Шағалалы, Тоғызкент, Майлыкөл және Әбілдә ауылдары).
Қалған 4755 жеке тұрғын үй мен 124 әлеуметтік нысандар көмірмен және сұйық отынмен жылытылады.
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында орталық қазандық пен әлеуметтік нысандардың жылу желілеріне жоспарға сәйкес, жөндеу, әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындық шаралары қыркүйекке дейін аяқталатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.