Сарысуда әлеуметтік сала мамандары марапатталды

214
Қоғамның тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқаты, көп жағдайда халықты әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктердің деңгейіне байланысты болады. Осыған орай жыл сайын елімізде қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бүгін Сарысу ауданында аппараттық жиын барысында аталған сала мамандары әкім қабылдауында болды.
Әлеуметтік медициналық қызметкерлер, жұмыспен қамту орталықтарының мамандарының қатысуымен өткен шарада Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев әлеуметтік салада тыңбай еңбек етіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Мерекеге орай халыққа әлеуметтік көмек көрсету саласында еңбек етіп келе жатқан аудандық жұмыспен қамту орталығының директорының орынбасары Ильяс Әлімбайұлы, орталықтың мамандары Данияр Ержанұлы, Бахыткүл Нұржігітқызы, Талшын Нұрбайқызы, Набат Баймұналова әлеуметтік саланың дамуына сүбелі үлесін қосақны үшін «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» Алғыс хатымен марапатталды.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.