САРЫСУ ЖАСТАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

286
Жамбыл облысының 85 жылдығына орай
Меркі ауданында » Мерейлі Меркі өлкесі» атты Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері арасында спорт түрлерінен облыстық спорт сайысы өтті.
Сайыстың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты және ынтымақтастықты нығайту.
Спорттық сайысқа облысымыздағы 10 аудан және Шу қалаларының Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.
Аталған сайысқа қатысқан Сарысулық жастар жүлделі 3 орынды иеленді.
Жекелеген спорт түрлері бойынша қой көтеру сайысында қойды 160 рет көтеріп, 1 орынды жеңіп алған Смайлов Мұхамедали «Үздік Қайратты» номинациясымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.