Сарысу ауданында «Өнер қырандары» өнер көрсетті

156
Ел арасында салмақты әзілдерімен танылып үлгерген «Өнер қырандары» театры Сарысу ауданында өнер көрсетті.
Мәуліт айының қарсаңында арнайы келген театр ұжымы мәдени-рухани, тағылымға толы көріністерін аудан тұрғындарының назарына ұсынды.
Жеке кәсіпкер Досбол Жылқыбаев демеушілік жасап, нәтижесінде аудан тұрғындары ғибраты мол, әзілінің астары шындықпен, саналы ойға көмкерілген көріністерді тегін көру мүмкіндігіне ие болды.
Өнер ұжымының Мәуліт қойылымдары көрерменге рухани азық сыйлап, жақсылыққа, мейірімділікке үндеді.
Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев сауапты іспен айналысып жүрген өнер ұжымына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.
Ал, театр актерлері игі іс-шараның ұйытқысы боп жүрген аудандық мешіттің бас имамы Ғалымжан Қонақбаевқа шапан жауып, құрмет көрсетті.
«Өнер қырандары» қойылымнан түскен қаражатты Түлкібастағы Келте-Машат ауылындағы мешіт құрылысына жұмсайтындықтарын жеткізді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.