Сарысу ауданында құрылыс қарқынды жүруде

974

Сарысу ауданында құрылыс жұмыстары жыл өткен сайын қарқын алып келеді, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі.

2011 жылы құрылыс жұмыстары басталған «Жаңатас қаласының су құбыры желілерін қайта жаңғырту. ІІ-кезеңдер» нысандарының жұмыс-тары аяқталып, 2017 жылдың 26 желтоқсанында пайдалануға тапсырылды. Қазіргі таңда қала тұрғындары тәулік бойы сумен қамтылып, игілігін көруде.

Сонымен қатар, «Жаңатас қаласының кәріз желілерін қайта жаңғырту» жұмыстары 2015 жылы уақытша тоқтатылып, жобаға түзетулер енгізілді. жаңа жобада Жаңатас қаласының барлық аумағы енгізілді. 2018 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға жұмыстар жүруде.

2017 жылы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында ауданның екі ауылын, яғни Қызыл диқан және Арыстанды ауылдарын сумен қамтамасыз ету жобасы әзірленіп, 2018 жылы екі ауылдың су жүйесі құрылысын салуға республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы бөлініп, қазіргі таңда жұмыстарды бастауға құжаттары әзірленуде7

Бұл нысандар өтпелі болғандықтан құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталады.

Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалған. Өндіріс және Игілік ауылдарына су жүйесі құрылысын салуға республикалық бюджетке өтінімдері берілді.

Сонымен қатар, 2018-2019 жылдары Жаңаталап және Ұйым ауылдарының су жүйесі құрылысын салу жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жоспары тұр.

Жаңатас қаласының үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 1800-ден асады. Кезекте тұрған азаматтарды үймен қамтамасыз етуге мемлекет қазынасынан жылда қаржы қарастырылып, бос тұрған көпқабатты үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылы 1 шағынаудан №34 үй қалпына келтіріліп, ағымдағы жылдың наурыз айында кезекте тұрған әлеуметтік жағынан төмен отбасыларға берілді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2018 жылы республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 1 шағынаудандағы №5 үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Нысанды желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Аталған бағдарлама аясында Жаңатас қаласындағы бос тұрған үйлерді қалпына келтіру бағытында жұмыстар атқарылуда.

2 үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалған, қосымша коммуналдық меншіктегі 7 үйдің жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жоспарланды.

Құжаттамасы толық дайындалған 2 үйді мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында қайта қалпына келтірудің тетіктері пысықталуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» ауданда іске асыру бағытында біршама жұмыстар атқарылуда.

Халықтың әлеуметтік жағдайын көтерудің бірден- бір себебі денсаулық екендігі белгілі. Осы бағытта ауданның елді мекендерінде біршама жұмыстар атқарылуда.

«Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Қамқалы ауылындағы ауысымына 5 келушіге арналған медициналық пункт құрылысын» салу жұмыстары жүргізіліп, тамыз айында пайдалануға қабылданды. Сметалық құны 61 210,0 мың теңге.

«Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Шағалалы ауылындағы ауысымына 5 келушіге арналған медициналық пункт құрылысын» жүргізіп отырған жергілікті құрылыс мекемесі «Алтын Орда-2006» ЖШС-гі, нысанның сметалық құны – 57 186,0 мың теңге.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Ұйым ауылы мен Игілік ауылдарынан медициналық пункт құрылысы жүргізіліп, құжаттары рәсімделуде.

Сарысу ауданының ешқандай елді мекендері газдандырылмаған.

Осы бағытта бүгінгі күні Жаңатас қаласы мен елді-мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету іс-шаралары атқарылуда.

2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан «Шаян-ЕвроХим-Жаңатас» жоғарғы қысымды магистральді газ құбырының жобасы әзірленді. Құны 8,6 млрд. теңге болатын газ құбырының ұзындығы 93,3 шақырымды құрайды.

2017 жылы Майлыкөл, Тоғызкент, Әбілда, Досбол ауылдарының ішкі газ құбырын тартудың жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, 2018 жылға құрылысын бастауға облыстық бюджеттен 42,5 млн. теңге қаржы бөлініп, мердігерді анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүруде.

Осы аталған 4 елді ауылға магистральді газ құбырын тарту құрылысы 2017 жылы басталды. Нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Сарысу ауданының 14 елді мекендерін (Жаңатас, Саудакент, Ақтоғай, Ұ.Сыздықбайұлы, Игілік, Жаңаталап, Ұйым, Жайылма, Өндіріс, Қызыл диқан, Маятас, Үшбас, Арыстанды, Ә.Бүркітбаев) газбен қамту мақсатында жасалынатын жобалық-сметалық құжаттарына 92 млн. теңге бөлініп, жобалау жұмыстары жүргізілді. Жобалаушы мекеме «Сыр жоба» ЖШС-гі. Ағымдағы жылдың сәуір айында сараптама қорытындысы дайын болды. Жобаның сметалық құны 8,6 млрд. теңге.

Жоғарыда аталған елді мекендер мен Жаңатас қаласына газ құбыры жүргізілетін болса, елді-мекендер мен Жаңатас қаласының халқы және жүздеген әлеуметтік нысандар газбен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандардағы жылу қазандықтары қатты отыннан арылып, экологиялық таза және экономикалық жағынан үнемді, сондай-ақ, кәсіпкерлік саласының дамуына зор септігін тигізері сөзсіз.

Бұдан бөлек ауданымыздағы елді мекендердегі ішкі көшелеріне және Жаңатас қаласының шағынаудандарының аулаларына асфальт жабындыларын төсеу жұмыстары бар.

Жаңатас-Саудакент бағытындағы Жаңатастан шыға берістегі көпірге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілу үстінде. Қайта жаңғырту жұмыстарының ішінде көпірдің енін кеңейту, жаңадан асфальт салу, конструкциясын күшейту жұмыстары енгізілген.

Бас мердігер нысанды қазан айында аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.